Теледидар мен digital ортада брендтерге арналған кешенді медиа-шешімдер.
«Достық» телеарнасы демеушілік жобалар мен жарнамалық интеграцияларды табысты жүзеге асырады. Арнаның өз продакшн базасы мен дубляж студиясы бар. Бұл идеядан бастап эфирге дейін толық өндірістік циклдегі контент жасауға мүмкіндік береді.
Біз жыл сайын демеушілік және серіктестік форматтарының тізімін жаңартып отырамыз. Медиа нарықтағы өзекті трендтер мен аудиториямен өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне сәйкес заманауи шешімдер ұсынамыз.
Біз маркетингтік міндеттерді жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер ұсынамыз және телеарнаның бағдарламалық контенті аясында әртүрлі интеграция форматтарын ұсынуға дайынбыз.
«Достық» digital бағытын белсенді түрде дамытып келеді: танымал YouTube арналары, әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook және т.б.), сондай-ақ ресми сайттағы онлайн-эфир.
Біз сіздің брендіңізді телевизиялық эфирде және интернет-аудиторияны қамтитын кросс-медиалық жобаларда таныстыруға дайынбыз. Бұл брендтің танымалдығы мен сенімін тұрақты арттыруға арналған кешенді шешімдер жасауға мүмкіндік береді.